Қазақстан Қытай, Оңтүстік Корея және Әзірбайжанға рейстерді қайта жандандыруы мүмкін – Қазақстан жаңалықтары

0

ҚР ИИДМ азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев халықаралық әуе рейстерін жандандыруға қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

ұшақ

«Қазақстан аумағында коронавирус инфекциясы таралуының алдын алу бойынша ведомствоаралық комиссияның отырысында сыртқы істер министрлігі мен денсаулық сақтау министрлігіне бірлесе отырып, бірнеше халықаралық әуе бағыттарын қайта ашу бойынша жұмыс жүргізуге тапсырма берілді. Соның ішінде бірінші кезеңде COVID-19 бойынша эпидемиологиялық жағдайының классификациялық деңгейіне сәйкес, Оңтүстік Корея, Қытай және Әзербайжан кірді. Біз аталған мемлекеттердің авиациялық басқармаларымен әуе рейстерін жандандыру мүмкіндігін енді пысықтауды бастап жатырмыз», – деді  Ластаев орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Сонымен қатар, екінші кезеңдегі эпидемиологиялық қауіпсіздік деңгейіне байланысты Түркия, БАӘ, Германия, Таиланд және Чехия елдері қарастырылуда.

«Атап өтер жағдай, бұл рейстер ертеңнен бастап ашылмайды. Олар эпидемиологиялық жағдайға байланысты және барлық инстанциялармен келісу дәрежесіне қарай жанданады. Рейстердің нақты ашылуы күні туралы қосымша хабарлаймыз», – деді Талғат Ластаев.

stan.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз