«Қазақ келді»: Мәскеуге барған Тоқаевтың кортежі желі қолданушыларының қызу талқысына түсті (видео) — Қазақстан жаңалықтары

0

Желіде Мәскеуге барған Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың кортежінің видеосы қызу талқыға түсті. Видеожазба Ресей астанасының орталық көшелерінің бірінде түсірілген, деп жазады Stan.kz

Қазақстан басшысы мінген қара көліктің жан-жағында мотоциклдер еріп жүрді.

Видеодағы дауыстардан байқалғандай, мәскеуліктерді Тоқаевтың кортежі таңғалдырған. Олар көлікте кімнің отырғанын сұрап, өз болжамданы айта бастады. 

«Бәрін жауып  тастады. Қызу жүріп жатыр. Кім келе жатыр екен?» — дейді кадр сыртындағы адам.

Артынша тұрғындар өкілдік көліктен Қазақстанның туын көріп: «Қазақстан! Қазақ келді», — деп айқайлай жөнелді.

 


Аталған видео желіде қызу талқыға түсті. Пікір қалдырушылардың бірі Ресейде Орта Азия елдерінен тек Қазақстанды ғана осылай қарсы алатынын айтты.

«Ресейліктер бізді құрметтейді. Дегенмен Елбасы мемлекетті танымал етті», «Орыстар біздің туды бірден таныды. Жарайсыңдар!», «Біздің президентті осылай қарсы алғаны қуантады», — деп жазды желі қолданушылары. 

Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев ел президенті ретінде  алғашқы сапарын Ресейден бастап, Владимир Путинмен келіссөз жүргізген еді. Келіссөз барысында қазақ жеріне атом электр стансасын салу жайлы сөз болды



stan.kz