Қай елден оралған азаматтар карантинге жатқызылады – Қазақстан жаңалықтары

0

Оңтүстік Кореядан, Жапониядан, Италия және Ираннан келген азаматтар 14 күнге үйлеріне карантинге жабылады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

коронавирус

Бұл туралы Қазақстанның бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин мәлімдеді. 

«Қытайдан келген азаматтар 14 күнге медициналық орталыққа карантинге жатқызылады. Ауруханадан шыққанан кейін олар тағы 10 күн дәрігерлердің қарауында болады. Бірінші топқа енгізілген мемлекеттер – Оңтүстік Корея, Италия, Иран және Жапония, бұған қоса Гонконг, Макао, Тайваньнан келетін азаматтар 14 күнге үй карантиніне жабылады. Олардың денсаулығына қызметкерлер телефон арқылы хабарласып, қадағалап тұрады», – деді Бекшин. 

Бұған қоса аталған елдерге баратын авиарейстерге де шектеу қойылған. 

Қазірдің өзінде Бекшиннің сөзінше, Оңтүстік Кореяда 34 мың қазақстандық жатқан көрінеді. 

Еске салайық, бұған дейін Қазақстан өз азаматтарын 1 наурызға дейін Оңтүстік Корея мен Ираннан оралуға шақырған еді.

stan.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз