Қазақтарды «төсекте» жиі мазалайтын мәселер қандай — маман жауап берді — Қазақстан жаңалықтары

0

Қазақтарды «төсекте» жиі мазалайтын мәселер қандай? Қазақтар «төсек мәселесімен мамандараға қаншалықты жиі барады? Осы және өзге де сауалдарды Stan.kz тілшісі Нұр-Сұлтандағы «Медикер» орталығының маманы, уролг, андролог Ернұр Айнаевқа қойды. 12 жылдан астам жұмыс өтілі бар маманның айтуынша, қазіргі таңда әлемдік статистика көрсеткендей, жаңа үйленген жас отбасылардың 16%-да  беделік мәселесі кездеседі. Бұның себебі көбіне-көп — жас кезде болған бейберекет жыныстық қатынастар.

Бұл мәселе қазақ халқында айналып өткен жоқ. Жастардың жыныстық сауаты өте төмен, бұл ерлерге де, әйелдергеде қатысты. Әсіресе бұл мәселеге келгенде ерлер қауымы тосырқап қалады, кейін келе мәселе ушығып, ұрпақсыз қалу қаупі төнгенде барып бірақ оянады. Көбіне ұзақ уақыт отасып, балалы болмағаннан кейін де ерлер қауымы дәрігерлерге баруға асықпайды. Оның көптеген себептері бар. Мәселен, көп еркектер кінәні өзінен еш уақытта іздемей, барлық жағдайға әйелін кінәлі санайды. Бірақ сәйкесінше бүгінгі таңда кінәраттың екі жақтан да болу ықтыималдығы 50 де 50. Сол себепті ерлер қауымы да денсаулықтарына жауапты қарауы тиіс. 

Сонымен қатар маман өзіне ең көп қойылатын сауалдарды да айтты. Дәрігердің поштасына ең көп келіп түсетін сұрақтар мынандай:

— Мастурбация — зиянды әрекет пе? Порновидеолар көру ағзаға зиян ба?

— Мастурбация (жасырын әдет) ер балаларда болсын, қыз балаларда болсын кездеседі. Мастурбация дегеніміз өзінің сезімтал мүшелеріне әсер етіп өз қажетін өтеу. Ол әрине зиян, неге десеңіз, ол біріншіден — күнә және психологияның бұзылуына алып келеді. Ал порновидеоларды көру, есте сақтау қабілетінің бұзылуына апаратынын мамандар дәлелдеп тастаған. Бұл әдеттер көбіне көп бойдақтарда кездеседі, сондықтан ертерек үйленген жақсы. Қалыпты жағдайда аптасына екі рет төсек қатынасы болуы тиіс, бұлай болғанда ешкім порновидео мен жасырын әдетке әуес болмайды.

— Жыныстық қатынас кезінде әйелім қанбайды, не істесем болады?

— Жыныстық сауаттылықты арттыру керек. Сондай-ақ ұзақ уақыт бейқам қарап жүре бермей, дәрігерге барып қаралуға тиіссіз. Жас ұлғая келе ерлердің бойындағы тестестерон төмендейтінін ескерсек, барынша спортпен айналысып, өмірді белсенді өткізуде оң әсерлерін тигізеді. Көбіне көп әйел психологиясына жыныстық қатынастың әсері мол. Әйеліңіздің алдында нағыз азамат болып көрінгіңіз келсе, барынша өз денсаулығыңызға мұқят қараңыз.

— Жыныстық қатынастың жиілігі қынапты кеңітіп жібереді ме?

— Жоқ, мүлде олай болуы мүмкін емес. Әйел адамның мүшесі тіптен бала туғаннан кейін де тарылып, өз қалпына келе алады. Сондықтан қаншалықты жыныстық қатынас болмасын қынаптың кеңейіп кетуі орын алмайды. Сондықтан әйел адам жаттығу жасау арқылы, тіптен дұрыс демалу арқылы мүше бұлшық еттерін қалпына келтіріп ала алады.

Сонымен қатар хабарласқан адамдардың ең бірінші және ең көп  қоятын сұрағы емнің бағасы жайында екен.

— Негізінен қабылдап кеңес беру де ақылы. Оның құны 4-5 мың теңге аралығында. Одан әрмен қарайғы емдеу жұмыстары қымбаттап кете береді. Емнің құны науқастың хәліне байланысты кете береді. 

— Ернұр аға, сұхбатыңызға рахмет! Талай қазақ отбасыларына қуаныш сыйлап, көмегіңіз тие берсін!

stan.kz