Прокурор Қастер мен Мұрагерді бір жылға соттауды сұрады

0

Прокурор «шекараны заңсыз кесіп өтті» деп айыпталған Шыңжаң қазақтары Қастер Мұсаханұлы мен Мұрагер Әлімұлын әрқайсысын бір жылға соттауды сұрады. Мемлекеттік айыптаушы «жеңілдетілген мән-жайларды ескеріп» оларды Қытайға қайтармауды өтінді.

Ал қорғау тарабы оларды кінәсіз деп танып, қылмыстық жауапкершіліктен босатуды сұрады. Адвокат Ләззат Ахатова екі жігіттің Қытайдағы қысымнан қашып, «шекараны заңсыз кесіп өтуге» мәжбүр болғанын айтты. Ал сотта өздеріне тағылған айыптарды мойындаған Қастер Мұсаханұлы мен Мұрагер Әлімұлы өздерін Қытайға қайтармауды сұрады. Судья Оспанова Нұр-Сұлтан уақытымен 16:00-де үкім оқылатынын айтып, кеңесу бөлмесіне кетті.

21 қаңтарда Зайсандағы сотқа Қазақстанның түрлі аймағынан көп адам жиналған. Бірақ олардың бір бөлігі сот залына сыймай қалды. Олар сот ғимаратының сыртында өздерін ішке кіргізуді талап етіп, «Бостандық!» деп айқайлады. Бірақ арнайы жасақ сарбаздары оларды ішке кіргізбеді.

Сейсенбі күні таңертең сотта екі куәгер: шекарашы Ибрагимов және «Атажұрт еріктілері» ұйымының өкілі Мақсұт Бекзат куәгер ретінде сұралды.

(Жаңалық толықтырылады).

Azattyq

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз