Өскемендіктерге арзан бағамен көмір беріледі

0
26 Қараша 2018, 09:59 143 0

Фото: gazeta.ru

Астана, BAQ.KZ. «Қаражыра» АҚ Өскемен қаласының әлеуметтік аз қамтылған топтағы адамдары үшін қосымша 5 мың тонна көмір бөлетін болды. Бұл туралы altaynews.kz сайты хабарлайды.

Бұл жөнінде Өскемен қаласы әкімдігінің фейсбуктегі парақшасында жазылған. Мұндағы ақпаратқа сүйенсек, биыл бөлінген 35 мың тонна жеткізіліксіз болып, көптеген отбасылар оған қол жеткізе алмай қалған.

Осы аптада кәсіпорын және әкімдік арасында қосымша әлеуметтік көмір бөлу жөнінде меморандумға қол қойылмақ. Сондай-ақ, әлеуметтік бағамен сатылатын (8300 тенге) көмір де қалаға осы аптада келе бастамақ.


















Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:


Дереккөз: BAQ.KZ

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз