Оралда апелляциялық шағымы қанағаттандырылмаған белсенді аштық жариялады

0

21 ақпанда Орал қаласының апелляциялық соты пикет өткізгені үшін бес күнге қамалған белсенді Данияр Інжіғалиевтің апелляциялық шағымын қанағаттандырмады. Ол соттан шешімнің күшін жоюды сұраған. Жұма күнгі сот отырысынан кейін белсенді аштық жариялайтынын айтты.

Сот залынан оны конвой бірден алып кеткендіктен нақты талаптарын айтып үлгермеді.

— Әкімшілік сот Інжіғалиевті жалғыз адамдық пикет өткізгені үшін 488-бап бойынша кінәлі деп тапқан. Данияр Інжіғалиев полицияның немқұрайлы әрекетіне наразылық білдіріп, пикет өткізді. 13 ақпанда полиция қызметкерлері Інжіғалиевтің ағасының өтінішіне құлақ аспады. Осылайша олар полицияда түнеп шықты. Ертесінде Данияр пикетке шықты. Ол ширыққан көңіл-күйде болды. Өзі невропатологқа қаралып жүр, басы ауырады, қан қысымы бар. Осының бәрі эмоциясына әсер етеді. Психдиспансерде тіркеуде тұрмайды, — деді оның адвокаты Мереке Ғабдуалиев сотта.

14 қаңтарда Оралда белсенді Данияр Інжіғалиев полиция ғимаратының алдында жалғыз адамдық пикет өткізген. Ол Батыс Қазақстан облысының полиция департаментінің бастығының отставкасын талап еткен.

Azattyq