Өңдеуші кәсіпорындарға 3%-тік кредит беріледі

0

Экономика

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Жоспар бойынша несиелеу рәсімдері жеңілдетіліп, бизнес үшін микрокредиттерді субсидиялауды көздейтін жаңа «Микрокредиттеу» бағыты іске қосылады

НҰР-СҰЛТАН, 9 маусым – Sputnik. Экономикалық өсімді қалпына келтіру үшін өңдеуші кәсіпорындарға 3%-тік жеңілдетілген кредит беріледі. Бұл туралы ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Экономикалық белсенділікті қалпына келтіру үшін 20 мамырда 2020 жылға арналған кешенді жоспар қабылданған болатын.

«Кешенді жоспар қолданбалы сипаттағы нақты шараларды қамтиды. Бұл – Өнеркәсіпті дамыту қорын құру. Өңдеуші кәсіпорындарға 3%-тік жеңілдетілген мөлшермен кредит беру көзделіп отыр», – деді Дәленов үкімет отырысында. 

Ұлттық банк бағдарламасы мен «Бизнестің жол картасы» аясында шағын және орта бизнесті қолдау бойынша қызмет түрлері кеңейтілуде. Несиелеу рәсімдері жеңілдетіледі.

Сонымен қатар «Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасында бизнес үшін микрокредиттерді субсидиялауды көздейтін жаңа «Микрокредиттеу» бағыты іске қосылады.

Министр бұл шаралардың барлығы сыртқы сын-қатерлердің салдарын азайтуға бағытталғанын атап өтті.

Оқи отырыңыз: Елімізде өнеркәсіпті дамыту қоры құрылады: оның артықшылықтары қандай?

Сондай-ақ, кешенді жоспар ішкі өндіріс пен кәсіпкерлікті қолдауға мүмкіндік береді.

Кешенді жоспарды жүзеге асыру үшін 11 кодекс пен 38 заңға түзетулер енгізу жоспарланып отыр.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз