Қазақстандық банктерде депозит көлемі өсті — Қазақстан жаңалықтары

0

Ұлттық банк қазіргі кездегі қазақстандық банктердегі депозит көлемі туралы мәліметтермен бөлісті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Ұлттық банк төрағасы Досаев шетелдік және ұлттық валютамен есептегенде еліміздегі жалпы депозит мөлшері туралы сөз қозғады. Оның айтуынша бұл алдыңғы жылғы көрсеткіштен әлдеқайда жоғары.

«Сәуір айының соңында депозиттер көлемі жыл басынан бері шетел валютасындағы және теңгедегі депозиттердің өсуіне байланысты 3,3% -ға ұлғайып, 19,6 трлн теңгені құрады. Ұлттық валютадағы депозиттер 2,8% -ға (немесе 301 млрд. теңгеге), шетел валютасындағы 4,0% -ға (немесе 328 млрд. теңгеге) өсті», — деді Үкімет отырысы барысында Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев.

Реттеушінің айтуынша, валюта бағамын қайта бағалаудан басқа, шетел валютасындағы депозиттер 6,3% -ға немесе 1,3 млрд долларға азайды.

«Нәтижесінде депозиттерді долларландыру деңгейі сәуірде 43,4% құрады (2019 жылғы желтоқсанда 43,1%). Мамырда алдын ала болжам бойынша 29 мамырдағы депозиттер бойынша долларландыру 41,8% -ға дейін төмендеді», — деп сөзін аяқтады Досаев.

stan.kz