Нұрсұлтан Назарбаев Мәскеудегі әскери парадта болды

0

Парад басталмас бұрын Елбасы мен Ресей президенті Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне қошемет көрсетті

НҰР-СҰЛТАН, 9 мамыр – Sputnik. Қазақстанның Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Мәскеуде өткен Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 74 жылдығына арналған әскери парадта болды, деп хабарлайды Елбасының баспасөз қызметі.

Нұрсұлтан Назарбаев Мәскеу қаласындағы Қызыл алаңда Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 74 жылдығына арналған әскери парадта құрметті қонақ ретінде болды.


©
Sputnik / Алексей Никольск

Нұрсұлтан Назарбаев Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 74 жылдығына арналған әскери парадта болды

Парад басталмас бұрын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей президенті Владимир Путин Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне қошемет білдірді.


©
Sputnik / Алексей Дружинин

Нұрсұлтан Назарбаев Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 74 жылдығына арналған әскери парадта болды

Парад барысында 35 жауынгерлік есептоптар, 130-дан астам заманауи үлгідегі әскери техника, 13 мыңнан астам әскери қызметшілер сап түзеп өтті.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз