Нұрболат Абдуллин тоқал алу туралы айтты – Қазақстан жаңалықтары

0

Әнші Нұрболат Абдуллин тоқал алу мәселесіне қатысты ойын айтты. Әншінің өзі тоқал алуға құлықты емес.

Нұрболат Абдуллин тоқал алуға қатысты өз ұстанымын айтты.

«Мендегі ой егер әйел адамда екінші, үшінші күйеуге алуға рұқсат етілген болса, еркек біткеннің бәрі қайтер еді? Сондықтан сендік жүрегі бар бір адамның бар болғаны абзал. Бір әйелмен-ақ бақытты өмір сүру керек екенін әкем-ақ көрсетіп қойған. Менде сондай ұстанымдамын», – деп жазды әнші.

Желі қолданушылары Нұрболат мырзаның сөзін қолдап, пікір білдірді.

«Менде солай ойлаймын, өте орынды айттыңыз», «Тоқал алу қазақта бұрыннан бар», «Қазіргі тоқалдар бұрынғыны тоқалдары емес, ол кезде тоқалдыққа қыздың ерінсіз берген, қазір өздері тиеді», «тоқалды байлар ғана алады», «тоқал алды дегенше отбасың бұзылды деп есепте», «Мен тоқал алуға да, болуға да қарсымын», – деп ағынан жарылды олар. 

 

stan.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз