Нұр-Сұлтанда Тәуелсіздік күні отшашуды қайдан тамашалауға болады

0

Тәуелсіздік күні мерекелік отшашу жергілікті уақыт бойынша сағат 21:00-де басталып, 10 минут бойы жалғасады

НҰР-СҰЛТАН, 11 желтоқсан – Sputnik. 16 желтоқсанда Тәуелсіздік күніне орай елорда тұрғындары мен қонақтары мерекелік отшашуды қаланың барлық ауданында тамашалай алады, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.

Мерекелік отшашуды Есіл өзенінің жағалауынан (Сарыарқа ауданы, Орталық саябақ), Хан шатыр маңында (Есіл ауданы), сондай-ақ Абылай хан даңғылы мен Пушкин көшесінің қиылысында (Алматы және Байқоңыр аудандарының қиылысында) тамашалауға мүмкіндік бар.

Жаңа жыл мерекесінде балконда салют атуға болмайды – полиция ескерту жасады

Отшашу жергілікті уақыт бойынша сағат 21:00-де басталып, 10 минут бойы жалғасады.

Фейерверктің техникалық сипаттамаларына сай, әр нүктеден 4500-ден 5000-ға дейін фейерверк ату жоспарлануда. Қауіпсіздік шараларын сақтау мақсатында әр нүктеде 7 адам жұмыс істейді. Сондай-ақ, мерекелік отшашу қаланың биік ғимараттарымен қоршалмаған кез келген нүктесінен көрінетіндігін атап өту қажет.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, салют атуға бюджет қаржысы жұмсалмайды.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз