Нұр-Сұлтанда митинг өтетін орындар белгіленді – Қазақстан жаңалықтары

0

Нұр-Сұлтан қаласының мәслихаты бейбіт жиын өткізу үшін  ортақ орындар мен жүру жолын белгіледі. Құжат ашық нормативтік-құқықтық актілер порталында жария талқыға ұсынылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстанда балалармен митингіге шыққан ата-аналар жазаланады

Құжатқа сәйкес, елордада бейбіт жиындар мен шеру өткізу үшін 4 арнайы орын ұсынылды.

Біріншісі – аумағы 4380 шаршы метрді құрайтын, 1000 адам сиятын Ш.Құдайбердіұлы даңғылы мен А.Пушкин көшесі қиылысындағы саябақ.

Екіншісі – мың адам сыятын, аумағы 2064 шаршы метрді құрайтын «Астаналық цирк» жанындағы алаң.

Үшіншісі – аумағы 1695 шаршы метр болатын Жеңіс, Абай даңғылы, Т.Бигелдинов және Желтоқсан көшелері төртбұрышындағы жазғы алаң. Бұл жерге 500 адам сыяды.

Төртінші бағыттың ұзындығы – 2055 метр. Ол Абай даңғылы мен Ә.Сембинов көшелерінен, Жазушылар аллеясынан бастап, Құдайбердіұлы даңғылы мен А.Пушкин көшелеріне дейін жалғасады.

Шеруге мың адамға дейін қатыса алады.
 

stan.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз