Павлодарда полицияға қол көтерген даулы видеоның мән-жайы белгілі болды

0

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Полиция қызметкерінің құқыққа қарсы әрекеттерді тоқтату туралы ескертуіне қарамастан, ер адам билік өкілін қорлап, физикалық күш қолданған

АЛМАТЫ, 8 маусым – Sputnik. Павлодар қаласының тұрғыны үйдің ауласында учаскелік полиция инспекторына шабуыл жасап, оған дене жарақатын салды, деп хабарлады Polisia.kz порталы.

Әлеуметтік желіде Павлодар тұрғынының полицейге шабуыл жасап, оған қол көтерген видеосы пайда болды. Тәртіп бұзушының бұл әрекетін көршісі тоқтатпақ болады. Павлодар облысының полиция департаменті осы оқиға туралы мәлімет берді. 

«Тергеу барысында 6 маусым күні бұрын тонау жасағаны үшін сотты болған 31 жастағы азамат К.-ның орташа деңгейлі масаң күйде қаланы абаттандыру ережелерін бұзып, сондай-ақ алкогольдік ішімдік ішкені анықталды. Ол Павлодар қаласы Лермонтов көшесі, 96 үйдің ауласында болған», — делінген ақпаратта.

Бұл жайлы сол маңның тұрғындары учаскелік полиция инспекторына хабарлаған.

Оқиға орнына келген полиция инспекторы Р.Төкебаев азаматқа әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнаманы бұзғанын айтып, ескерту жасаған. Алайда азамат дөрекі былапыт сөздер айтып, полиция қызметкеріне тіл тигізген.

Учаскелік полиция қызметкері тарапынан құқыққа қарсы әрекеттерді тоқтату туралы ескертуге қарамастан, ер адам билік өкілін қорлап, физикалық күш қолданған.

«Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, полиция қызметкері азаматтың белсенді қарсылық білдіруіне байланысты арнайы құралдарды қолдануға құқылы. Алайда азамат К.-ның қолында жас бала болғандықтан, учаскелік инспектор қорғаныс сипатындағы әрекетпен шектелді», — делінген ақпаратта.

Алайда бұл тәртіп бұзушыны райынан қайтара қойған жоқ. Ол полицейді ұру, тебу секілді күш қолданды. Оқиға кезінде азамат К. құқыққа қарсы әрекетімен полиция қызметкеріне әртүрлі дене жарақатын салды.

Оқи отырыңыз: Әжетханаға камера орнатқан: Павлодар білім басқармасының басшысы өз әрекетін түсіндірді

Полиция жасағы келіп, күдікті азамат К.-ны ұстады. Ол Павлодар қаласы ішкі істер бөлімінің уақытша ұстау абақтысына қамалды.

Оның әрекеті Қылмыстық кодекстің 380-бабы 2-бөлігіне («билік өкілінің өмірі мен денсаулығына қауіпті күш қолдану») ауыстырылды.



sputniknews.kz