«Нұр Отаннан» түсетін үміткердің есімі белгілі болды

0

Нұр-Сұлтанда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен «Nur Otan» партиясының кезектен тыс XIX съезі өтіп жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 23 сәуір – Sputnik. «Nur Otan» партиясынан алдағы президент сайлауына Қасым-Жомарт Тоқаев түседі. Бұл шешім туралы съезде партия төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Еліміздегі басқа да саяси партиялар ертеңнен бастап бірінен соң бірі президенттікке кандидаттарын ұсына бастайды. «Ақ жол» партиясының съезі 24 сәуірде өтсе, «Ауыл» халықтық-демократиялық партиясы 25 сәуірде жиналады. Қазақстанның коммунистік халық партиясының делегаттары 26 сәуірде бас қосады.

Ал «Бірлік» партиясы уақыт тапшылығына байланысты сайлауға қатысудан бас тартты.

Кезектен тыс президент сайлауы

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 9 сәуірде ел халқына үндеу жасап, елде кезектен тыс президент сайлауы өтетінін жариялады. Мемлекет басшысы сайлауды 2019 жылдың 9 маусымына белгіледі.

Президенттікке кандидаттарды ұсыну 28 сәуір сағат 18:00-ге дейін жалғасады. Үміткерлерді елімізде тіркелген саяси партиялар мен республикалық қоғамдық бірлестіктер ұсына алады. Әр кандидат 118 140 сенімді сайлаушының қолын жинауы тиіс. Кандидаттарды тіркеу 11 мамырға дейін жалғасады.

Тағы оқыңыз: «Құжаттарын қараймыз» ОСК Тасмағамбетовтің сайлауға түсуіне қатысты жауап берді

Кезектен тыс президент сайлауына үкімет резервінен 9,4 миллиард теңге бөлінетін болды. Қаржының негізгі бөлігі республика бойынша құрылатын 10 мың сайлау учаскесінің жұмысын ұйымдастыруға бағытталмақ.

Кандидаттарға қойылатын талаптар

Президенттікке кандидат тумысынан Қазақстан азаматы, қырық жасқа толған, мемлекеттік тілді меңгерген, соңғы 15 жыл бойы Қазақстанда тұратын және жоғары білімі бар республика азаматы болуы тиіс. 

Тағы оқыңыз: Президент сайлауы: үкімет 12 млрд теңгені неге азайтты?

Бұған қоса, президент болып сайлану үшін азаматтың мемлекеттік қызметте немесе сайланбалы мемлекеттік лауазымдарда кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесі, сондай-ақ белсенді сайлау құқығы болуы тиіс.

Тағы оқыңыз: Президент сайлауына кім түсе алмайды – ОСК жауабы

Сондай-ақ, Қазақстан президенттігіне ұсынылатын кандидаттар 107 түрлі жүйке дертіне тексеріледі.



sputniknews.kz