Назарбаев жиенінің Лондондағы үйіне қатысты іс: билік жеңіліп қалды

Британия билігі Нұрәлі Әлиевтен Лондонның элиталық ауданындағы үйін қандай қаражатқа сатып алғанын дәлелдеуді талап еткен еді

0
Сурет: КазТАГ

Ұлыбританияның қылмысқа қарсы күрес жөніндегі ұлттық агенттігі (NCA) аппеляциялық сотта Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жиені Нұрәлі Әлиев пен қызы Дариға Назарбаеваға қарсы істе жеңілді, деп хабарлайды РИА Новости Назарбаевтар отбасының мүддесін қорғайтын заңгерлерге сілтеме жасап.

Айта кетейік, NCA Нұрәлі Әлиевтен Лондонның  Хэмпстед элиталық ауданындағы үйді сатып алуға жұмсалған қаражаттың заңды екенін дәлелдеуді талап еткен болатын. Жер асты бассейні мен кинотеатры бар үйдің құны – 80 миллион фунт стерлинг, бұл шамамен 140 миллион доллар.

Айыптаушы тараптың пайымдауынша, үй сатып алынған қаражаттың Нұрәлінің әкесі Рахат Әлиевке қатысы бар. Рахат Әлиев қазақстандық банктің екі топ-менеджерін өлтірді деген айып тағылғаннан кейін 2015 жылы Австрия түрмесінде асылып қалған еді.

NCA апелляциялық сотта шығарылған үкіммен келіспеді, алайда сот алдыңғы сот инстанциясының шешімін қолдады.

«Бұл шешім доктор Назарбаева мен Әлиев мырзаны тағы да толыққанды ақтады. Олар бұл істің аяқталғанына разы болғанына қарамастан, NCA-ның қате тергеуі олардың жеке және отбасылық өміріне жасалған шабуыл болды, сондықтан олар құпиялылыққа құрметпен қарауды сұрайды», – делінген заңгерлердің мәлімдемесінде.

2018 жылы Ұлыбританияда құны 50 мың фунт стерлингтен асатын активтерге ие шетелдіктерден кірістің шығу көзін сұрауға мүмкіндік беретін заң (Unexplained Wealth Orders, UWO) күшіне енді. Шетел азаматтарына қатысты бірінші іс Әзербайжан халықаралық банкінің бұрынғы басшысының әйелі Замира Гаджиеваға қатысты қозғалды.

Британия билігі банкирдің жұбайынан екі нысан бойынша түсініктеме беруді сұрады: бірі – Лондонның беделді Найтсбридж ауданындағы құны 11,5 миллион фунт тұратын үй мен Аскот қаласындағы жер телімі. Бұл жер телімі 2013 жылы 10,5 миллион фунтқа сатып алынған. Ал екінші іс Нұрәлі Әлиевке қатысты қаралды.

sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз