Назарбаев әнші Бибігүл Төлегенованы 90 жылдық мерейтойымен құттықтады

0

Қазақстанның тұңғыш президенті опера әншісінің шығармашылығымен алғаш танысқан кездегі естеліктермен бөлісті 

НҰР-СҰЛТАН, 9 желтоқсан – Sputnik. Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев КСРО халық әртісі, опера әншісі Бибігүл Төлегеновамен кездесті, деп хабарлады Елбасының баспасөз қызметі.

Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев Бибігүл Төлегенованы 90 жасқа толған мерейтойымен құттықтады.

Қазақстанның Тұңғыш президенті опера әншісінің шығармашылығымен алғаш танысқан кездегі естеліктермен бөлісті.

«Сіз халқымыздың шынайы махаббатына ие болдыңыз. Сізге ұзақ өмір, сарқылмас қуат және көрермендердің шексіз қошеметіне бөлене беруіңізді тілеймін. Бірер күн бұрын керемет концертіңіз өтті. Әдеттегідей көрермендердің жоғары бағасына ие болды», – деді Елбасы.

Ал Б.Төлегенова тұңғыш президент қорының қолдауымен өткен вокалистердің X байқауының нәтижелері туралы айтты.

«Қамқорлық танытып жүргеніңізге ризамын. Отандық мәдениет пен өнер саласын дамытуға қолдау көрсетіп жатқаныңыз үшін алғыс білдіремін», – деді КСРО халық әртісі.

Бибігүл Төлегенова туралы не білеміз

1929 жылы 16 желтоқсанда Семей қаласында туған. КСРО халық әртісі (1967).

1954 жылы Қазақ консерваториясын (Н.Самышинаның ән класы бойынша) бітірді. Ән айтуды көркем-өнерпаздар үйірмесінен бастады.  

Б.Төлегенова еңбек жолын 1946 жылы Семейдің ет комбинатында жұмысшылықтан бастады. Бірсыпыра уақыт қазақтың опера және балет театрында істеді.

1965-1971 жылдары қазақ филармониясының әнші-солисі болды.

1971 жылдан Қазақтың опера және балет театрында еңбек етеді.

Бибігүл Төлегенова өнері республика, одақ көлемінде ғана емес, бүкіл дүние жүзіне танылды. Гастрольдік сапармен Үндістан, Алжир, Египет, Сирия, Вьетнам, Польша, Чехословакия, Канада, Швеция, Франция, Италияда болды.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз