Мөлдір Мұқанова әкесін еске алды: Ақ Күләшіңді сағынған жүрегің бұл дүниеге сыймай, анамның артынан асыға кеттің-ау – Қазақстан жаңалықтары

0

Тұрсынбек Қабатовтың жары Мөлдір Мұқанова 13 жыл бұрын қайтыс болған әкесін еске алды. Желідег жазылушылары оған көңіл айтып, салауат тіледі. 

Мөлдір Мұқанова әкесін еске алды: Ақ Күләшіңді сағынған жүрегің бұл дүниеге сыймай, анамның артынан асыға кеттің-ау

«Папа, бүгін өмірден өткеніңе он үш жыл. Әкелік махабаттқа толы жанарыңды қайта көрмейтініміз өзегімізді өртейді. Анамды қатты сағынып, жүрегің езіліп жүрсең де, біздің әр шамалы қадамымызға балаша қатты қуанушы едің. Жалғыз қалсаң да басы қасымызда болып бәрімізге бір бір жоғары білім алып бердің. Ақ Күләшіңді сағынған жүрегің бұл дүниеге сыймай анам артынан асыға кеттің ау. 1-2 немереңді сүйіп кеткеніңе де аллаға шүкіршілік айтам. Анам екеуің пейіште қол ұстасып бірге жүргендей көрінесіңдер маған. Тым ақкөңіл едіңдер. Көрген адамдардың барлығы өздеріңді мақтай жөнеледі. Жандарың жаннатта болсын, ардақты әкем, асыл анам!», – деп жазды Мұқанова желіде. 

Ол желіге ата-анасының үйлену тойындағы суреті мен отбасылық суреті жариялады.

«Жандары жәннатта болғай! Артынан бағыштанған құрандарыңыз қабыл болғай», «Жаным-ау сол, қасиетті айдағы тілеген дұғаларың қабыл болсын!өздеріңдей текті ұрпаққа өмір сыйлаған ата-анаңа жұмақ нәсіп етсін», «Иманды болсын. Жақсы адам болғаны жанарында тұр», «Мөлдір, Сіз де ақкөңіл, ашық жарқын жансыз. Алла сол пейіліңізге несібеңізді молынан қылғай. Ата-анаңыздың бұл өмірде жоқ екенін білмеппін. Жандары жәннатта болсын!», – деп жазды желідегілер.



stan.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз