13 мамырда болатын шаралар: Нұр-Сұлтан, Алматы

0

Аңдатпа

Қысқа сілтеме алу

3 0 0

Sputnik Қазақстан 13 – 28 мамыр аралығында болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады)

Қазақстанда 16 наурызда енгізілген төтенше жағдай режимі 11 мамырда аяқталды. Бірақ карантиндік шектеулер өңірлерде біртіндеп алынады. Төтенше жағдай аяқталса да, бұқаралық және отбасылық шараларға тыйым салынып отыр. Сондай-ақ, сауда ойын-сауық орталықтары, кинотеатрлар, көрмелер, көпшілік жиналатын басқа да нысандар жабық болады. Діни нысандар да әзірше ашылмайды. Алайда біз алдағы күндерге жоспарланған шаралар туралы хабардар етеміз.

13 мамырға жоспарланған шаралар
НҰР-СҰЛТАН

10.00 – Парламент мәжілісінің пленарлық отырысы (трансляция parlam.kz сайтында).

12.00 – «Суретшілер туындыларындағы Абай образы» атты онлайн дәріс өтеді. Жобаны Қастеев атындағы мемлекеттік өнер музейінің жетекші ғылыми қызметкері Күлжазира Мұқажанова дайындаған (Трансляция музейдің Facebook-тегі ресми парақшасында көрсетіледі).

15.00 – «Қазақстанның туризм индустриясына дағдарысқа қарсы қолдау көрсету» тақырыбына арналған баспасөз мәслихаты өтеді. Спикерлер: «Қазақстанның туристік қауымдастығының» директоры Рашида Шәйкенова,  «SkyWay Travel» ЖШС директоры Әсем Қозбағарова, «ТОО Outfitter KZ» директоры Азамат Мұхаметжанов, «Хан Тенгри» халықаралық альпинистік лагері» ЖШС атқарушы директоры Дәурен Уәлиев (Трансляция Қазақстандық баспасөз клубының Facebook-тегі парақшасында жасалады. Байланыс телефоны: 8 701 749 02 00).

20.00 – Димаш Құдайбергеннің #Bastau жеке концертінің трансляциясы (мәдениет және спорт министрлігінің YouTube-каналы).

14 мамырға жоспарланған шаралар

12.00 – «Қазақстанның заманауи мүсіндері» онлайн дәрісі. Қастеев атындағы мемлекеттік өнер музейінің қызметкері Лаура Әбілдаева өткізеді(Трансляция музейдің Facebook-тегі парақшасында).

18 мамырға жоспарланған шаралар

20:00 – «Астана Балет» театрының On Stage/Online жобасы. Театрдың пайда болу тарихы мен оның дәстүріне арналған. Бұл жолғы қонақ – театр хореографы Рикардо Амаранте. Дәрісті «Астана Балет» театрының Youtube-каналынан көруге болады.

28 мамырға жоспарланған шаралар

20:00 – «Астана Балет» театрының On Stage/Online жобасы. Театрдың пайда болу тарихы мен оның дәстүріне арналған. Шығарылым қонағы – театрдың жетекші солисі Фархад Буриев «Вальпургиев түні» бір актілі балетіндегі көркем образдар туралы айтады. Дәрісті «Астана Балет» театрының Youtube-каналынан қарауға болады.

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз