Министрлік: 250-ден астам адамы бар елді мекендерге интернет қосылады – Қазақстан жаңалықтары

0

250-ден артық адам тұратын елді мекендерге интернет қосылатын болады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Министрлік: 250-ден астам адамы бар елді мекендерге интернет қосылады

Бұл туралы Парламент мәжілісінің отырысында министр Асқар Жұмағалиев айып берді. Оның сөзінше интернет жалғауда экономикалық мәселелерге де мән берілуі тиіс.

«250 және одан көп адамы бар елді мекендерге талшықтық-оптикалық жолмен интернет қосамыз. Ал 250 ден аз халық тұратын елді мекендерге экономикалық тұрғыда талшықтық-оптикалық байланыс орнатуға мүмкіндігіміз жоқ», – деп кесіп айтты.  

Бәрін бірдей ғаламтормен қамтамассыз ету мүмкін емес дейді министр. Қазіргі таңда мүмкіндіктің жоқ екенін ескере кеткен Жұмағалиев интернет таратудың арзан жолдары да қарастырылып жатқанын айтты.

«Ондай жерлерге тек спутник арқылы сигнал береміз. Осы мәселелерді жыл соңына дейін реттеп, нақты жауабын беретін боламыз. Әзірге біз 250 және одан артық адам тұратын ауыл-аймақтарды ғана интернетпен қамтамасыз ете аламыз», – дейді Асқар Жұмағалиев. 

 

stan.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз