Медицина ғылымдарының докторы коронавирустан сақтанудың 16 түрлі жолын ұсынды

0

Медицина ғылымдарының докторы, АҚШ Мэриленд университетінің инфекциялық аурулар бөлімінің меңгерушісі (Faheem Younus) Фахим Юнус:

  1. Covid19-бен әлі бірнеше ай өмір сүреміз. Мұны жоққа шығарып немесе паникаға ұрынып қажеті жоқ. Өмірді қолдан қиындатпайық. Осы фактыны ескере отырып бақытты өмір сүруді үйренейік.
  2. Жаз шыққанмен де вирус азаймайды. Қазір Бразилия мен Аргентинада ыстық жаз, соған қарамастан вирус тез таралды.
  3. Клеткаға еніп кеткен Covid19-ды суды көп ішіп кетіре алмайсыз, бар болғаны туалетке көбірек қатынайсыз.
  4. Қолды жуу және 1,8 метр жерден тоқтау – вирусты жеңудің ең тиімді жолы. Егер үйде Covid19-пен ауыратын адам болмаса үйді дезинфекция жасаудың қажеті жоқ.
  5. Жүктің сыртқы қаптамасы, тележкалар, банкоматтар, т.с.с. инфекция жұқтырмайды. Қолыңызды жуып, әдеттегідей өмір сүріңіз.
  6. Covid19 ас инфекциясы емес. Бұл грипп сияқты, тамшымен байланысты инфекция. Тамаққа үйден тапсырыс бергенде Covid19-тан қорқудың қажеті жоқ.
  7. Саунаға түсу клеткаға кірген Covid19-ды жоймайды.
  8. Сіз йіс пен дәм сезуді аллергия немесе басқа вирустық инфекция арқасында жоғалтуыңыз мүмкін, ол Covid19-дың арнайы сипмтомы емес.
  9. Үйге келгеннен кейін бірден киім ауыстырып, душқа түсудің қажеті жоқ. Тазалық керек әрине, бірақ ол паранойя емес.
  10. Covid19 ауада қалықтап тұрмайды. Ол тығыз контактыны талап ететін тамшылы инфекция. Ауа таза болса бақшада, паркте дистанцияны сақтай отырып қыдыруға болады.
  11. Covid19 дінге, нәсілге бөлмейді, ол барлық адамға жұғады.
  12. Covid19-ке қарсы кәдімгі сабын жеткілікті, антибактериальды сабын іздеу міндетті емес. Қалай болғанда да бұл вирус бактерия емес.
  13. Тамаққа тапсырыс берсеңіз одан қорқудың қажеті жоқ. Ерінбесеңіз микроволновкада қыздырып алуға болады.
  14. Аяқ киіммен үйге Covid19 алып келу шансы күніге екі рет найзағай түскендеймен тең. Мен 20 жылдан бері вируске қарсы жұмыс жасап келемін, тамшылы инфекция бұлай таралмайды.
  15. Уксус, сумах, сода, имбирьмен вирустан қорғану деген бос әурешілік.
  16. Қолғап киіп жүру деген жақсы идея емес. Вирус сол қолғапқа жинақталып қалады да, бетке, т.с.с. жеңіл таралады. Ең дұрысы қолды жуу.

Қуаныш Еділханов, Facebook парақшасынан

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз