Жаңа оқу жылы: карантинге байланысты қандай өзгеріс болғаны хабарланды

0
14
Advertisement

Құжат тапсыру бойынша қазірге дейін 350 мыңға жуық өтініш түсті. Оның басым көпшілігі egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы қабылданды

Sputnik. 1-сыныпқа құжат қабылдау 20 тамызға дейін ұзартылды, деп хабарлады білім және ғылым министрлігі.

«Елімізде карантин режимінің ұзартылуына байланысты білім және ғылым министрлігі бірінші сыныпқа құжаттарды қабылдау мерзімін 20 тамызға дейін ұзартады», – делінген министрлік ақпаратында.

Айта кетсек, Қазақстанда қатаң карантин шаралары 17 тамызға дейін жалғасады.

Құжат тапсыру бойынша қазірге дейін 350 мыңға жуық өтініш түсті. Оның басым көпшілігі egov.kz

электрондық үкімет порталы арқылы қабылданды.

«Медициналық анықтамаларды алудағы қиындықтарға байланысты білім беру ұйымдарына құжаттар тапсыру кезінде оларды ұсынбауға уақытша рұқсат етіледі. Медициналық анықтамаларды мүмкіндік болған кезде тапсыруға болады», – деді ведомство.

Сонымен қатар министрлік білім беру ұйымында жағдай болса, бірінші тоқсанда қатаң санитарлық шараларды сақтай отырып, кезекші сыныптардың жұмыс істеуі ұйымдастырылатынын айтты. Бастауыш сынып оқушыларының ата-аналары жазбаша түрде осындай өтініш жасаған.

Ең соңғы жаңалықтарды KzNews.KZ телеграм каналынан оқи аласыз! Телефоныңызға тікелей келетін ақпаратқа жазылыңыз. 

 
Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз