Мәжіліс: Валюталық ипотека алғандарға жеңілдік беріледі – Қазақстан жаңалықтары

0

Мәжілістің жалпы отырысында ипотека алушылардың борыштық жүктемесін төмендету туралы заң жобасы екінші оқылымда мақұлданды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Заң жобасы валюталық ипотека алушылардың борыштық жүктемесін төмендету және болашақта валюталық тәуекелді болғызбау, сондай-ақ банктік емес қаржы ұйымдары мен төлем жүйелерінің қызметін реттеуді жетілдіру үшін өзгертілмек. 

Заң жобасы аясында 80-нен астам ұсыныс түсіп, валюталық ипотекаға тақырыптар талқыланған. Инфрақұрылымды, ішкі өндірісті, кәсіпкерлікті дамытуды қолдауды заң негізінде қамтамасыз ете отырып, шетелдік және ұлттық валютаның деңгейлері талданған.

«Банктерге борыштық жүктемені төмендету мақсатында шетел валютасын ұлттық валютаға ауыстыру кезінде шетел валютасындағы ипотекалық қарыз бойынша қарыз алушының ақшалай міндеттемесін азайту түріндегі жақсарту шартын валюталық ипотекалық қарыз алушының өтінішінсіз қолдану құқығы берілді. Микроқаржы қызметін жүзеге асыратын ұйымдарды есептік тіркеудің орнына 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап микроқаржы қызметін лицензиялау енгізіледі. Азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кіріс алатын жеке тұлғалар үшін жүктемені төмендету мақсатында міндетті зейнетақы жарналары алынған кірістің 10 пайызынан 5 пайызына дейін төмендетілді», – деген нақты өзгертулерді атап көрсетті мәжілісмендер.

stan.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз