Алматыдағы уақытша тергеу изоляторында коронавирус табылмады — Қазақстан жаңалықтары

0

Алматыдағы уақытша тергеу изоляторына жабылған жеті азаматтан коронавирус анықталмады. Бұл туралы ІІМ қарасты қылмыстық атқару комитетінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

түрме

«ПТР тесттердің нәтижесі шықты: барлығының сынамалары теріс», — делінген ресми хабарламада. 

Еске салайық, осыдан үш күн бұрын абақтыда отырған жеті азамат денсаулықтарына байланысты шағымдарын айтыпты. Олардың бойынан ЖРВИ белгілері байқалған көрінеді. Шағымданушылардың арасында халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің экс-ректоры Дамир Шыныбеков те бар. 

«Шұғыл түрде жедел жәрдем шақыртылды. Олар ауруханаға жеткізіліп, дәрігерлердің қарауынан өтті», — деп қосқан еді комитет өкілдері. 

 

 

stan.kz