Кремьлдің саясатын нәсихаттайтын зомби телеарна қосылды – Арман Шораев

0
Russia's President Vladimir Putin waves during the closing ceremony for the 2014 Sochi Winter Olympics February 23, 2014. REUTERS/Phil Noble (RUSSIA - Tags: OLYMPICS SPORT) - RTX19DAF

Мен Қазақстан билігінен аталмыш телеарнаның Отау тв-ден толық жойылуын және эфир жүргізуін тоқтатуды талап етемін!

Жұрт пандемия, коронавирус әлегімен бас қатырып жатқанда еліміздің ақпарат айдынына тағы бір жымысқы саясат ұстанатын шетелдік арна кіріп үлгергенге ұқсайды. «Звезда» деп аталатын бұл ресейлік телеарна жатпай-тұрмай Кремьлдің саясатын насихаттап жатыр.

Қоғам белсендісі Арман Шораевтың жазуынша, бұл – Кремльдің көршілеріне қарсы көрсетіп жүрген агрессиясының логикасы мен басқа да милитаристік көзқарасын түсіндіріп, насихаттайтын арна.

«Жуырда біздің елдегі Он TV телеарнасының толқыны арқылы Ресейдің агрессивті «Звезда» телеарнасы көрсетіле бастады. Ал енді, менің туған тілімде, Абайдың ана тілінде, өз қазақ тілімізде олар бізге, қазақтарға Украина мен украиналықтардың қандай нашар халық екенін, Грузия мен грузиндердің, Молдова мен оның халқының да жақсы емес екенін және неге Крымның Ресейдікі екенін де насихаттап жатыр. Бізге әлгі ОРТ Евразия арнасы аздық еткендей, енді тағы бір зомби-телеарна қосылды. Және бұл арнаның Отау тв каналдарының тегін пакеті тізімінде бар екенін де айта кеткен жөн», – дейді ол.

Ең сорақысы, аталмыш арна бүкіл контентін мемлекеттік тілге аударып береді екен. Әрі бұған Владимир Ким мен Наталья Акентьева сынды қалталылар қаржылай көмек беріп отыр.

«Бұл әңгімеге Ким мен Наталья бикештің не қатысы бар дерсіз? Өйткені, бұл телеарнаның басқарушысы – РБК банк. Ким, мен сізді түсінбеймін, бұл сіздің тым қатты тойынғаныңыз ба, әлде сіз біздің елді сепаратизмнің құшағына итеріп жатырсыз ба? Сіз өзіңіздің арнаңыз тура жарты күн бойы Ресей диаспорасына Гиви мен Моторола және басқа да «жасыл адамдар» осында келетініне үміт сыйлайтынын түсінесіз бе? Ал сіз қалған жарты күнді қазақтар мен украиндарді, қазақтар мен грузиндерді бір-біріне айдап салып отырсыз ба?

Мен Қазақстан билігінен аталмыш телеарнаның Отау тв-ден толық жойылуын және эфир жүргізуін тоқтатуды талап етемін!

Біз Украинаға соғыс жариялаған жоқпыз және Қырымды ресейге тиесілі деп мойындаған жоқпыз! Оның үстіне, егер біздің елде Ресей жағында Донбаста соғысып жүрген азаматтар қылмыстық жауапқа тартылса, онда теледидарлар болашақ содырлардың жасырын түрде тартылуы туралы неге хабар таратуы керек?

Танып, біліп жүрулеріңізді сұраймын – Владимир Ким мен Наталья Акентьева – еліміздегі ең басты сепаратизмді дамытушылар.

Ким, сіз мыс пен Отанды қатар сата алмайсыз. Біреуін таңдаңыз!», – делінген Шораевтың facebook парақшасындағы ызғарлы жазбасында.

sn.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз