Коронавирус індетінен тағы 3 науқас көз жұмды

0

Бүгінгі таңда елімізде коронавирус індеті салдарынан қайтыс болған науқастардың саны 56 адамға жетті

НҰР-СҰЛТАН, 8 маусым – Sputnik. Республикалық жедел штаб таратқан мәлімет бойынша, Қазақстанда коронавирус індетінен тағы 3 адам көз жүмды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Оның бірі – 1957 жылы туған ер адам Павлодар облысында, екіншісі –  1948 жылы туған әйел адам Атырау облысының азаматы болса және 1963 жылы туған ер адам Қарағанды облысында тіркелді. 

«Өлім нәтижелерін зерттеу жөніндегі комиссия бұл жағдайларды коронавирустық инфекциядан қайтыс болған деп тіркеуге шешім қабылдады», – делінген баспасөз хабарламасында.

Айта кетейік, бүгінге дейін еліміз бойынша коронавирус індетіне шалдыққандардың жалпы саны 12 694 адамға жетсе, оның ішінде 7 376 науқас аурудан айығып шықты. Қазақстан бойынша барлығы 56 адам қайтыс болды.

Оқи отырыңыз: Біртанов карантинді қатаңдату туралы: «Коронавирус ешқайда кетпеген»



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз