Киевке ұшып келген Помпео Зеленскиймен кездеседі

0

АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео 31 қаңтарда Украина астанасына ұшып келді, ол жұма күні президент Владимир Зеленский және өзге де лауазымды тұлғалармен кездеседі.

Америкалық дипломаттың Киевке сапары АҚШ сенатында президент Дональд Трампқа импичмент жариялау ісін қараумен тұспа-тұс келіп отыр. Демократтар Трампты Украина үкіметіне қысым жасау үшін өкілетін пайдаланды, Киевті «жеке саяси мүддесі үшін АҚШ-тағы сайлауға араластыруға» мәжбүрледі, кейіннен әрекетін жасыруға тырысып, конгрестің жұмысына кедергі келтірді деп айыптайды. Өткен аптада NPR тілшісімен дауға келіп қалған Помпео «америкалықтар Украинаны ойлап отыр дейсіз бе?» деген.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Украинадан кейін Беларусь, Қазақстан және Өзбекстанға барады.

Оқи отырыңыз: АҚШ мемлекеттік хатшысы Помпеоның постсоветтік төрт елге сапары қандай мақсат көздейді?

Украина белгілі бір мөлшерде АҚШ-тың әскери және саяси қолдауына және Еуропа елдерінің көмегіне тәуелді. Помпеоның Зеленский және өзге де лауазымды тұлғалармен кездесуі «АҚШ-тың Украинаның тәуелсіздігі мен территориялық тұтастығын қолдайтынын көрсетеді» делінген АҚШ мемлекеттік департаментінің мәлімдемесінде.

Жұма күні Киевте Помпео Украина шығысында ресейшіл сепаратистермен қақтығыс кезінде қаза болғандарды еске алу шарасына қатысып, гүл шоғын қояды.

Оқи отырыңыз: Донбаста екі украин сарбазы мерт болып, екеуі жараланды

Azattyq

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз