#картакарта аш та, миллионер бол! — Қазақстан жаңалықтары

0

ЦентрКредит Банкі өз клиенттері үшін кезекті акцияны бастайды. Акция өткізілетін кезеңде #картакарта ашып, қажетті шарттарды орындаған әрбір карта ұстаушы конкурсқа қатысушы болады және 1 миллион теңгені ұтып алу мүмкіндігін алады! 

БЦК

«Банк ЦентрКредит» акционерлік қоғамы (бұдан кейін – Банк) «#картакарта миллион» акциясын бастағанын хабарлайды, оның жүлде қоры Банктің әр филиалына бір миллионнан 19 миллион теңгені құрайды. Конкурсқа қатысу үшін 01.03.2020 ж. бастап 31.03.2020 ж. дейін #картакарта рәсімдеп, үш күн ішінде кемінде 10 000 теңге сомасына сауда жасау қажет. Сауда үшін төлемді Internet арқылы да, POS-терминалдар арқылы да жүргізуге болады. 

«Біз сөзімізде тұрып, өз клиенттерімізді жаңа тамаша акциялармен қуантуды жалғастырамыз! – дейді Банктің Басқарушы директоры Павел Кравченко. – Ақпан айында біз «Жалақы есебіне берілетін қолма-қол ақша» кредитін рәсімдеген клиенттердің арасында 19 миллион теңгені ойнаттық, міне енді тамаша кэшбэк беретін, кең тараған кредит картасы – #картакарта-ны жаңадан ашқан клиенттеріміздің арасында акция ұйымдастырамыз! Атап өтетін жайт, біздің клиенттер қос пайда алады: олар үздік Банктің бірегей өнімдерін пайдаланады және әр ай сайын миллионер болу мүмкіндігін алады! Біз ЦКБ-ге келген әрбір қазақстандық өзін бағалы қонақ сезініп, жоғары дәрежедегі сервисті бағалауы үшін, сондай-ақ ұтыс ойындарымыздың бірінің жеңімпазы болуы үшін жаңа сюрприздер жасау бойынша жұмысты жалғастырамыз. Біздің жаңалықтарымызды бақылап жүріңіздер».

Акцияның жеңімпаздары кездейсоқ сандар генераторы арқылы шарттың нөмірі бойынша анықталады. Нәтижелері 2020 жылғы 07 сәуірде жүргізіледі. 

Акция шарттары көрсетілген бетке сілтеме: https://www.bcc.kz/kz/aktsii/card-1000000/

Ұтыс ойыны онлайн режимде жүргізіледі, жеңімпазды анықтау процесі Instagram және/немесе Facebook желісіндегі Банктің ресми аккаунтында трансляция жасалады. 

#картакарта рәсімдеу жөнінде консультация алу үшін Банктің сall-орталығына келесі телефон нөмірлері бойынша хабарласуға болады: +7 (727) 244 30 30 және 505 – мобильді телефоннан тегін. 

stan.kz