Ядролық соғыс қаупін ескермеуге болмайды

0

Ресей президенті Владимир Путин ядролық соғыс бола қалу қаупін елемеуге болмайтынын мәлімдеп, АҚШ-ты қарулануды шектеу жөніндегі келісімдерден шығып жатыр деп айыптады. Мәскеуде өтіп жатқан дәстүрлі баспасөз конференциясында Путин Батыс елдері мен Ресей қарым-қатынасында шиеленісті күшейтуден ортақ жауапкершілік арқалау сезімі басым түседі деп үміттенетінін айтты.

Мемлекеттік телеарна журналисінің сұрағына жауап берген Путин ядролық соғыс қатерін жете бағаламау тенденциясы байқалатынын айтып, мұндай соғыстың «барлық өркениетті жоятынын» ескертті.

Ресей президенті АҚШ-тың 2002 жылдың басында баллистикалық зымырандарды жою туралы келісімнен шығуы Мәскеу мен Вашингтон арасындағы «стратегиялық тепе-теңдікке» нұқсан келтіргенін айтты. Оның сөзінше, АҚШ-тың орта және қысқа қашықтыққа ұшатын зымырандарды жою туралы келісімнен шығу ниеті бұл тепе-теңдікті одан ары бұзады. Путин АҚШ пен Ресей келісімнің орындалуына қатысты жаңа келіссөз бастамағаны дұрыс емесін жеткізді.

Шағын және орта қашықтыққа ұшатын зымырандарды жою туралы келісім күші 2021 жылы тоқтайды, бірақ екі ел мақұлдаған жағдайда тағы бес жылға ұзартылады.

Биыл қазан айында АҚШ президенті Дональд Трамп АҚШ Ресеймен орта және қысқа қашықтыққа ұшатын зымырандарды жою жөніндегі келісімнен шығуға ниетті екенін мәлімдеген. Вашингтон бұған Ресейдің аталған келісімді бұзып, Еуропаға ядролық оқтұмсық жеткізе алатын радиусы шағын зымырандар орнатуі себеп деген. Ресей бұл айыптауды теріске шығарып, Вашингтонға жауап ретінде «әскери-техникалық тұрғыдан тиісті шара қолданатынын» мәлімдеген.

АҚШ пен СССР арасында орта және қысқа қашықтыққа ұшатын ядролық зымырандарды жою туралы 1987 жылы жасалған келісім АҚШ пен Ресейге радиусы 300-ден 3400 миль қашықтыққа дейін жерден ұшатын баллистикалық және қанатты зымырандарды шығаруға, сынақтан өткізуге және сақтауға тыйым салады.

Дереккөз: Азаттық

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз