Иранның АҚШ әскери базасына зымыран ұшырған сәтінің видеосы жарияланды

0

Иранның қорғаныс министрі Әмір Хатами америкалықтарға қарсы қосымша шаралардың қолға алынатынын ашық айтты

НҰР-СҰЛТАН, 8 қаңтар – Sputnik. Иранның Press TV арнасы АҚШ-тың Ирактағы әскери базаларына зымырандарды ұшыру видеосын жариялады, деп хабарлайды РИА Новости ақпараттық агенттігі.

«Кадрде Иранның Ирактағы америкалық базаларға бағытталған зымырандарын ұшыру сәті көрсетілген», – делінген видеоның анықтамасында.

Ал үстіңгі оң жақ бұрышында парсы тіліндегі жазуды көруге болады. Оның аудармасы – «қатал кек».

Айта кетейік, сәрсенбіге қараған түні Ислам революциясы қарауылдарының корпусы ирандық генерал Касем Сүлейманиді өлтіргені үшін кек алу операциясын бастайтынын мәлімдеді. Иран АҚШ-тың Ирактағы әскери базаларына зымыранмен соққы жасады. Press TV-ның ақпаратына сәйкес, шамамен, 80 адам құрбан болды. Алайда АҚШ бұл ақпаратты растаған жоқ. Дональд Трамп «бәрі жақсы» деген мәлімдеме таратты.

Иранның жоғарғы көшбасшысы аятолла Әли Хаменеи америкалық базаларға жасалған соққы «шапалақ жеумен» бірдей деді. Осы орайда ол шетелдік әскерилер аймақтан кетуге міндетті екенін жеткізді. Ал Иранның қорғаныс министрі Әмір Хатами америкалықтарға қарсы қосымша шаралардың қолға алынатынын да ашық айтты. 

Тағы оқыңыз: Ирандағы трагедия: стюардессаның күйеуі апат болғанын әуежайда естіген  

Бұған дейін Иранның Жоғарғы қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Әли Шамхани генерал Сүлейманидің өлімі үшін АҚШ-тан кек алудың 13 сценарийі бар екенін мәлімдеген.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз