Грузияда полиция көтеріліс қатысушыларына резеңкелі оқ атып, оларды жасаурататын газдың көмегімен тоқтатпақ болды

0

Жұма күні Грузия астанасында қарсылық акциясы өтті. Шерушілер ІІМ басшысы Георгий Гахаридің отставкаға кетуін және мерзімінен бұрын парламент сайлауын өткізуді талап етті, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі. 

Парламент мекемесінің ауласына кіруге тырысқан митинг қатысушыларын полиция қызметкерлері жасаурататын газдың, резеңкелі оқтың көмегімен тоқтатты. Полиция қызметкерлері осындай шараның қолданылатынын айтуға тиіс еді, бірақ тұрғындарға бұл жайында тіс жармауды жөн көріпті. Грузиялықтар тәртәп сақшыларына осы үшін наразы. 

Жұма күні Грузия парламентінің спикері Ираклий Кобахидзе халықтың қарсылық танытуына байланысты өкілеттігін тоқтатты. Дегенмен бұл протесттер санының азаюына түрткі бола алмады. 

Қоғам қайраткері Николай Левищ «Твиттер» әлеуметтік желісіндегі парақшасында парламент жанында көптеген адамдардың жиналғанын жазды. 

«Бұл енді адамдарды басу үшін қолданылатын шара емес, себебі Грузияда бұрын-сонды мұндай митингілер болмаған», — деді ол. 

Публицист Олег Панфилов, жұма күні парламент алдына жиналған адамдардың саны, бейсенбі күні келген грузиялықтардан көп екенін жазды. Оның сөзіне сенсек, ірі протестер Грузияның басқа қалаларында да болып жатыр. Олардың қатарында Кутаиси де бар. 

Полицейлер жұма күні 70 жастағы ер адамды тұтқынға алды. Тәртіп сақшыларының айтуы бойынша, ол аталған затты  ол аталған затты Тибилисиде митингте пайдаланбақ болған.

«Тәртіп сақшылары 70 жастағы ер адамның үйін тінту кезінде қолөнерлік әдіспен жасалған Молотова коктейлінің он екі бөтелкесін және коктейлді жасауға қажетті заттарды тапты», — дейді басқарма өкілі Мамука Челидзе. 

Негізінде, Грузиядағы протесттердің басталуына ресейлік депутаттың іс-әрекеті түрткі болған. Ресейлік депутат Сергей Гаврилов Тбилисиде өткен Православиенің Парламентаралық сессиясының аясында грузиялық парламент спикерінің орындығында отырып сөз сөйледі. Сонымен қатар, ол ассамблея өкілдеріне, яғни басым бөлігі православиелік елдерден келген парламент мүшелеріне орыс тілінде жолдау жасады. Мұның барлығы грузиялық саясаткерлердің және Грузия тұрғындарының наразылығын тудырды. Ресейдің Сыртқы істер министрлігі ресейліктерге жек бастың қауіпсіздігі үшін әзірге Грузияға бармауға кеңес береді
 

stan.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз