Грузияда алғаш рет әйел адам президент болып сайланды – новости Казахстана

0

Грузияда өткен прзидент сайлауында алғаш рет әйел адам жеңіске жетті. Грузия елінің жаңа президенті болып Саломе Зурабишвили тағайындалды деп хабарлайды Sputnik Грузияға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Саломе Зурабишвили. Фото:kavkazplus.com

Саломе Зурабишвили. Фото:kavkazplus.com

Саломе Зурабишвили барлық дауыстың 59,61 пайызын жинаған.

Ал президенттікке үміткерлердің бірі Григол Вашадзеге 40,39% пайыз дауыс беріліпті.

Зурабишвили өзінің жеңісі – қоғамның жеңісі екенін мәлім етті.

Грузияның жаңа президентіне елдегі ең үлкен қалалардың тұрғындары дауыс берген.

Тбилисидің 10 аймағы да бірауыздан саясаткер әйелді қолдапты.