Ғарышкерлерге де қол алып, құшақтасуға тыйым салынды

0

Ғарыш

Қысқа сілтеме алу

5 0 0

Ресейлік ғарышкер Анатолий Иванишин мен Иван Вагнер, сондай-ақ америкалық Кристофер Кэссиди жақын күндері Халықаралық ғарыш станциясына ұшады

НҰР-СҰЛТАН, 31 наурыз – Sputnik. 9 сәуірде Байқоңыр ғарыш айлағынан Халықаралық ғарыш станциясына ұшатын ғарышкерлерге коронавирустың қаупі болғандықтан қол алысып, бір-бірін құшақтауға тыйым салынды. Бұл туралы РИА Новости-ге берген сұхбатында Космонавттарды оқыту орталығының эпидемиологы Сергей Савин айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Ресейлік Анатолий Иванишин, Иван Вагнер және америкалық Кристофер Кэссиди Халықаралық ғарыш станциясына ұшады.

«Бізде қол алысып, құшақтасуға қатаң тыйым салынады. Ал ғарышкерлер қолын  ластап алса жуып, зарарсыздандырады», – деді Савин.

Сондай-ақ, ғарышкердің айтуынша, басқа адамдардың жеке заттарын пайдалануға болмайды. Жалпы мақсаттағы әрбір зат қолданылғаннан кейін дезинфекцияланады.

Ғарышкерлердің денсаулығын сақтау үшін олардың иммунитетін нығайту мақсатында үнемі кешенді шаралар қабылданады. Олар дұрыс тамақтанып, салмағы мен температурасын бақылауда ұстайды, моншаға да барады.

«Біз соматикалық ауруларды, әсіресе инфекция енуінің «қақпасы» саналатын – ЛОР мүшелері, ас қорыту жүйесі мен көзді жедел емдейміз», – деді Савин.

Оқи отырыңыз: Ғарышкерлер де қорқады: Талғат Мұсабаевтың ашық әңгімесі

Ол Байқоңырдағы қонақүйге жайғасқан ғарышкерлер бөлмесі күн сайын құрамында хлоры бар препараттармен дымқыл күйде тазартылып, желдетіліп, үй-жай кварцты өңдеуден өткізілетінін айтты.

Асхана қызметкерлерінің денсаулығы, тамақ әзірлеу мен тамақтану процесіне бақылау күшейтілген.

«Ғарышкерлердің тамақтануы бөлек бөлмедегі арнайы асханада өткізіледі. Тамақтану алдында олар қолдарын дезинфекциялық ерітіндімен тазартып алуға міндетті», – деді эпидемиолог.



sputniknews.kz