Еңбек министрінің жаңа орынбасары тағайындалды

0

Саясат

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

41 жастағы жаңа вице-министр бұған дейін Атырау облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарған болатын

АЛМАТЫ, 4 маусым – Sputnik. Үкімет қаулысымен Серік Шәпкенов еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметіне тағайындалды.

«Үкімет қаулысымен Серік Жамбылұлы Шәпкенов еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметіне тағайындалды», – делінген премьер-министрдің баспасөз қызметінің ақпаратында.

Қазір еңбек министрлігін Біржан Нұрымбетов басқарады. Серік Шәпкеновке дейін оның үш орынбасары ауысты: Ақмади Сарбасов, Нариман Мұқышев пен Ерлан Әукенов.

Серік Шәпкенов жайлы не білеміз

Серік Шәпкенов 1979 жылы Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауылында туған. Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін «экономист-математик» мамандығы бойынша бітірген. 

Еңбек жолын 2000 жылы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде оқытушы болып бастады. Әр жылдары Батыс Қазақстан облысы әкімінің аппараты құрылымында жұмыс істеді. 

2012-2015 жылдары Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары болды.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Серік Шәпкенов

2015-2016 жылдары –  президент әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және аумақтық ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы. 

2016-2018 жылдары – Атырау қаласының әкімі.  

2018 жылдан бастап қазіргі дейін Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары болды.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз