Елордада вирус жұқтырған екі пациент ауыр хәлде жатыр

0

Коронавирус індеті анықталған екі науқас стационарда өкпені желдету аппараты арқылы тыныс алып жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 29 наурыз – Sputnik. Нұр-Сұлтанда індетке шалдыққан екі адамның жағдайы тұрақты, бірақ ауыр. Бұл туралы елорданың қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

«Стационарда жатқан екі пациенттің жағдайы тұрақты, бірақ ауыр. Өкпені желдету аппараты арқылы тыныс алып жатыр. Қалған науқастардың жағдайы қанағаттанарлық», – деді Қисықова онлайн брифингте.

Айта кетсек, бүгінде республика бойынша ең көп науқас Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласында тіркеліп отыр.

Екі мегаполис те карантинге жабылған.

Тағы оқыңыз: Нұр-Сұлтанда тіркелген 16 науқас індетке қалай шалдықты

Соңғы деректер бойынша, Қазақстанда індет жұқтырғандар саны 251 адамға жетті. Оның ішінде 18 адам жазылып шықты, Ақмола облысында бір адам қайтыс болды.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз