Доллардың қолжетімді болуы теңге бағасына әсер ете алмады — Қазақстан жаңалықтары

0

Мұнай нарығындағы дүрбелең теңге бағасына әсер етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «КТК» арнасына сілтеме жасап. 

Сарапшылар: Доллар курсын қолдан өзгертіп отыр

Бір күн ішінде ұлттық валюта долларға қатысты бір жарым позициясын жоғалтты. Биржадағы сауда-саттықтың нәтижелері бойынша америкалық валютаның орташа бағасы 382 теңге 22 тиынды құрады.

АҚШ-тың федералдық резервтік жүйесі енгізген өзгерістер де теңге бағамына әсер етті. Америкалық мамандар қайта қаржыландыру ставкасын бірден бес пунктке төмендетті. Доллар қолжетімді болды, ал оны сатып алғысы келетіндер көп. Теңгенің күрт құлдырауының алдын алу үшін Ұлттық банк өткен айда 95 миллион долларды сатты. Бірақ валюталық интервенциялар елдің резервтеріне әсер ете алмады. Жағдай алтын активтерінің бағасының күрт көтерілуімен реттелді.

stan.kz