Димаш Құдайберген өзін айнытпай салған қызды іздеп жүр

0

Видеодағы қыз телевизиялық шоуда Sos D’un Terrien композициясын орындаған

НҰР-СҰЛТАН, 8 шілде – Sputnik. Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген өзін айнытпай салған қызды іздеп жүр. Бұл туралы әртіс инстаграмдағы парақшасында жазды.

Қазақстандық әнші әлеуметтік желідегі парақшасында телевизиялық шоуда өнер көрсеткен бойжеткеннің видеосын жариялады. Қыз Sos D’un Terrien әнін орындаған.

«Өте қызықты пародия. Бұл қыз маған өзімнен де қатты ұқсайды. Өте шебер орындаған. Бұл қай елде болды екен?», – деп жазды әнші.

Видео астына пікір қалдырғандар мұның моңғолиялық «Яг түүн шиг» шоу екенін жазған.

Айта кетсек, жақында елорданың төрінде Димаш Құдайбергеннің кезекті концерті өтті. Бұл жолғы мәдени шара «Arnau» деп аталды. Димаш халыққа 30-ға жуық ән арнап, өмір мен өнер жайында өз ойларымен бөлісті.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз