Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус жұқтырғандарды емдеуде қандай препараттар қолданылатынын мәлімдеді – Қазақстан жаңалықтары

0

Коронавирус жұқтырғандарды емдеу үшін қазақстандық дәрігерлер АИТВ–ға (ВИЧ), безгекке қарсы дәрі-дәрмектер және антибиотиктерді қолданады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

коронавирус

ҚР денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаева коронавирусы анықталған пациенттердің клиникалық хаттамасы мен емі туралы баяндады.

«Клиникалық хаттама – белгілі бір ауру немесе клиникалық жағдай кезінде пациентке медициналық көмек көрсетуге қойылатын жалпы талаптарды белгілейтін құжат. Медициналық көмек көрсету кезінде дәрігерлер клиникалық хаттамаларды басшылыққа алады. Елде барлығы 1037 клиникалық хаттама жұмыс істейді», – деп жазды Ләззат Ақтаева.

Ол өзінің Facebook-тегі парақшасындағы жазбасында Covid-19 таратылуының басында Денсаулық сақтау министрлігі бұл инфекцияны аса қауіпті инфекцияға жатқызғанын, ал 3 ақпанда клиникалық хаттама мақұлданғанын еске салды. Хаттама бірнеше рет жаңартылған, қазір дәрігерлер оның бесінші нұсқасына сай емдейді.

«Клиникалық хаттамадан қысқаша: Covid-19-ды қалай емдейді? Covid-19 анықталған пациентті күтумен және емдеумен айналысатын медицина қызметкерлері арасында алдын алу үшін қолдануға «Гидроксихлорохин» анықталған, ҚР-да препарат бар. Пациенттерді емдеу үшін келесі препараттар көрсетілген: ҚР-да – «Лопинавир/ритонавир» (АИТВ – инфекциясын емдеуге арналған препарат), «Гидроксихлорохин» (безгекке қарсы препарат), «Азитромицин» (антибиотик), «Рибавирин» (ауыр инфекцияны, соның ішінде С гепатитін емдеуге арналған вирусқа қарсы препарат)» бар» , – деп хабарлады вице-министр.

Ләззат Ақтаева клиникалық хаттамаға «Хлорохин» және «Ремдесивир» емдеудің резервтік схемалары ретінде енгізілгенін, бірақ олар Қазақстанда әзірге жоқ екенін атап өтті. Сонымен қатар,» Ремдесивир » клиникалық зерттеу кезеңінде, өндірушімен келіссөздер жүргізіліп жатыр. 

Ол 7 сәуірдегі жағдай бойынша 628 науқас емделуді жалғастырып жатқанын хабарлады, оның ішінде:

  • 38% – белгілі бір белгілері бар;
  • 15% – орташа ауырлық жағдайында;
  • 11% – пневмониямен түсті;
  • 6% – жоғары температурамен;
  • 3% – ауыр жағдайда;
  • 0,5 % – те ауыр жағдайда;
    3,5% (22 адам) – реанимациялық пациенттер, оның ішінде бір пациент ЭКМО-да.
  • Төрт науқас ӨЖЖ-дан алынды. Олардың жағдайы жақсарды.

 

 

stan.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз