Денсаулық сақтау министрі: «Коронавирус індеті ойдан шығарылмаған» — Қазақстан жаңалықтары

0

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов коронавирусты емдеудің тиімді клиникалық хаттамасын әзірлеген әріптестеріне алғыс айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Біртанов өзінің отставкаға кетуін талап еткен резденттерге: Жауап беруге дайын болыңыз

Бұған дейін денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаева Facebook-тегі парақшасында COVID-19-ға қарсы иммунды плазма технологиясын жағдайы ауыр пациенттерге қолдану мақұлданып, ол коронавирус індеті бойынша елдегі клиникалық хаттамаға қосылғанын хабарлады. Оның мәліметінше, донор ретінде коронавирусты жеңген 18 жастан асқан адамдар ғана көмек көрсете алады.

«Ақтаева Ләззат Мейрашқызына және еліміздің жетекші медицина қызметкерлеріне, барлық әріптесімізге коронавирус инфекциясын диагностикалау мен емдеудің тиімді әр сәтті қолданылған клиникалық хаттамасын әзірлегендері үшін ризашылық білдіремін. Еліміздің әртүрлі өңіріндегі індетпен қазіргі уақытта күресіп жатқан барлық әріптесімен рахмет», — деп жазды Facebook-тегі парақшасында Елжан Біртанов.

Денсаулық сақтау министрі індет ойдан шығарылмағанын атап өтті. 

«Індет ойдан шығарылмаған, ол өкінішке қарай әлі де жалғасып жатыр. Бірақ, медицина қызметкерлерінің, сонымен қатар еліміздің денсаулық сақтау жүйесінің түрлі учаскелерін басқарып жүрген әріптестерімнің жанқиярлық еңбегінің нәтижесінде әзірше індет бақылауда тұр. Сондықтан да барлықтарыңыздан парасатты болуды, медицина қызметкерлері мен биліктің ұсыныстарын орындауды тағы да өтінемін. Бұл — мәжбүрлі уақытша шектеулер», — деп жазды ол.

stan.kz