Таразда 80 полиция көлігі түнде орталық көшеге жиналды – видео

0
13

Тәртіп сақшылары қала тұрғындарын төтенше жағдай талаптарын сақтауға үндеп, ерекше бейнеролик түсірді

НҰР-СҰЛТАН, 24 сәуір – Sputnik. Тараздың орталық көшесінде 80 патрульдік көлік түнде «Үйде бол» деген жазу құрастырды.

Осылайша полицейлер қала тұрғындарын ерекше әдіспен карантин режимін сақтауға шақырды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Тәртіп сақшылары 80 патрульдік көлікпен орталық көшеде «Үйде бол» деген жазу құрастырып, бейнеролик түсірген.

Әсерлі бейнеүндеуге Жамбыл облысы полиция департаментінің басшысы Жанат Сүлейменов те қатысты.

«Барлық іс-шара сіздердің қауіпсіздігіңіз бен денсаулығыңызды қорғау үшін жасалып отыр. Карантин режимінің тезірек аяқталуы сіздерге байланысты», – деді ол облыс халқына.

Коронавирусқа байланысты күшейтілген шараларға қарамастан, кейбір адамдар үйден себепсіз шығып, карантин талаптарын сақтамауда.

Статистикаға көз жүгіртсек, төтенше жағдай кезінде облыста 700-ден астам заңбұзушылық анықталған.



sputniknews.kz