«Денесінде сау жер жоқ»:  32 жастағы көкшетаулық ер адамды кафеде ұрып өлтірген – Қазақстан жаңалықтары

0

 32 жастағы көкшетаулық ер адамды кафеде ұрып өлтірген. Бұл туралы КТК арнасы хабарлайды.

 Көкшетауда кафенің иесі келушіні өлтірді деген күдік бар. Алдын ала болжам бойынша, марқұм кафеде қатты соққыға жығылып, ес-түссіз күйінде анасына тапсырылған. Тек үйге жеткізілгеннен кейін ғана оның өлі екені анықталан.

Марқұмның туыстары полицияны әрекетсіздік танытты деп айыптады, өйткені полиция қызметкерлері күдіктіні үш күн бойы ұстай алмай келеді.

Туыстары 32 жастағы Әділ Теміртасовты жер қойнауына тапсырған.

Айтуларынша, үш күн бұрын ол жергілікті кафелердің біріне барған. 

Альфинура Теміртасова,  марқұмның әйелі: «Арена» кафесі Назарбаев даңғылында орналасқан. Ол сол жерге түскі асқа барам, тез арада кездесу керек деді. Ол: «Кешкі 5-те мен үйге келемін, баланы бірге серуендеуге апарамыз», – дейді.

Алайда, кешкі алтыда туыстарына кафеден ер адамның мас екендігін айтып, оны алып кетуді сұраған. Баласын алып кетуге анасы келген.

Үйге келе жатып, әйел ұлы ешқандай белгі бермейтінін байқаған.

«Мен жедел жәрдем шақырдым. Келген дәрігерлер оның қайтыс болғанын айтты. Сараптама ұлымның қатты соққы алғаннан қайтыс болғанын растады.  Бауырын жарып жіберген, Үстінде сау жері жоқ, көрсеңіздер ғой!,-дейді ол.

Марқұм мен кафе иесінің арасында жанжал туындағаны белгілі болды. Мекеме қожайыны қонақты бөлек бөлмеге апарып, қатты ұрып-соққан. 

Гүлнар Пинчук, Ақмола облыстық филиалының баспасөз хатшысы:

– Жедел-іздестіру шаралары барысында облыс орталығындағы дәмханалардың бірінің иесі осындай дене жарақаттарын келтіргені анықталды. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы «Адам өліміне әкеп соқтыратын ауыр зиян келтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Күдікті әлі де іздетірілуде.

 Марқұмның туыстары кафе иесін іздестіру дұрыс жүргізілмей жатқандығын айтып шарқ ұрады. 

Айжан Нұрқайдарова, марқұмның туысы:

Шағын қалада адам табу қиын емес.  Үш күн өтті! Қолдан келетіні осы ғана ма? Оның қасында кім болды, барлық камераларды қарау керек. Біз қазір ХХІ ғасырда өмір сүріп жатырмыз, ұялы телефон бар, нөмір арқылы табуға да болады. Қажет кезде, олар табады!

Марқұмның артында үш жасар баласы мен әйелі қалды. 

stan.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз