Былтыр 430 миллиард теңге көлемінде тәртіп бұзушылық жасалған

0

Есеп комитеті былтыр 430 миллиард теңге көлемінде тәртіп бұзушылық жасалғанын анықтаған. Бұл туралы 28 ақпанда республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрайымы Наталья Годунова президент Нұрсұлтан Назарбаевқа есеп беру кезінде айтты.

«Біз тиімділік аудитіне көшу жұмыстарын жалғастыра береміз. Былтыр жалпы сомасы 430 миллиард теңге көлемінде тәртіп бұзушылық жасалғаны анықталды. Егер бухгалтерлік есепсіз нақты қаржылық тәртіп бұзушылықты есептесек, оның мөлшері 16 миллиард теңгені құрап отыр»- дейді Годунова.

Оның сөзінше бұл «қаржылық тәртіптің жақсара түскені көрсетеді» өткені «2017 жылы бұл көрсеткіш 70 миллиард теңге болған».

«Есеп комитетінің негізгі міндеті – мемлекеттік бюджеттің тиімді жұмсалуын қадағалау. Бақылау ісінен аудитке көшуге байланысты сіздердің алдарыңызда жаңа міндеттер тұр», деді президент Нұрсұлтан Назарбаев.

Президент Есеп комитетіне «Нұр Отан» партиясының 18 съезінде айтылған әлеуметтік бағдарламалар мен бастамалардың жүзеге асырылуына тиісті бақылау жасауды тапсырды.

Азаттық