Бүгін еліміздің солтүстігінде қалың қар жауады

0
22 Қараша 2018, 08:50 436 0

Астана. BAQ.KZ. Бүгін Қазақстанның басым бөлігі әлі де терең және белсенді фронталды жүйеде сақталады, соған байланысты жауын-шашын түседі, республиканың оңтүстігінде қалың қар жауады. Еліміздің кей жерінде екпінді жел тұрып, тұман түседі, көктайғақ болады, боран соғады. Бұл туралы «Қазгидромет» РМҚ хабарлады.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қостанай облыстарының кей жерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын, желдің күші түнде кей жерде, күндіз басым бөлігінде 15-20, екпіні 25 м/с күшейеді.

Түркістан облысының кей жерінде тұман, желдің күші түнде кей жерде, күндіз басым бөлігінде 15-20, кей жерде 23-28 м/с.

Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын, жел 15-20 м/с.

Алматы облысында түнде кей жерде тұман күтіледі, күндіз Жалаңашкөл ауданында желдің күші 15-20 м/с жетеді.

Жамбыл облысының кей жерінде тұман, көктайғақ, желдің күші 15-20 м/с, таңертең және күндіз екпіні 23-28 м/с.

Қызылорда облысының кей жерінде көктайғақ тұман, желдің күші 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с.

Маңғыстау облысының кей жерінде тұман күтіледі.

Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман, көктайғақ күтіледі.


















Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!


Дереккөз: BAQ.KZ

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз