Бір күнде көз жұмған егіздерді бес күннен соң көмді — Қазақстан жаңалықтары

0

Қарағанды облысында жұмбақ өліммен қайтыс болған егіздерді бүгін жер қойнына тапсырды. Сегіз айлық қызы мен ұлын анасы төсекте өлі күйінде тапқан. Екі сәбидің де не себептен бір мезетте көз жұмғаны белгісіз. Бірінші сараптаманың нәтижесі бойынша: сәбилер кислородтың жетіспеушілігінен көз жұмған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «КТК» арнасына сілтеме жасап. 

әлди

Кирилл және Валерия Хакимов бес күн бұрын қайтыс болған. Алайда, медициналық сараптама үшін олар бүгін ғана жер қойнына тапсырылды. Белгілі болғандай, балалардың үстіне көрпе жабылаған. Алайда, олардың не себепті тұншыққандарын ешкім білмейді. Екінші сараптаманың қорытындысы бір айдан соң шығады. Ата-анасы әлі де өздеріне келе алмауда. Отбасында басқа 2 және 6 жасар балалар бар. Отбасының асыраушысы әйел екен. Айтуынша, кейде шаршаған уақытта ішімдік ішіп ұйықтап қалатын көрінеді. Соңғы уақытта сәбидің бірі құсып, тістері сына бастаған.

«Мен оларды төсекке іштерімен жатқыздым. Екеуінің де төсегі екі бөлек. Оларды екі айдай іштерімен жатқызған едім. Солай тез ұйықтайды. Ұйқыдан тұрсам, екеуі де көгеріп кетіпті. Не болғанын білмеймін. Дауыстарын естімедім. Маған кислород жетіспегенін айтты», — сәбилердің анасы Людмила Хакимова.  

stan.kz