Білім вице-министрі: Студенттерге қағаз диплом да беріледі — Қазақстан жаңалықтары

0

ҚР білім және ғылым министрінің орынбасары Рүстем Биғари студенттердің қағаз жүзіндегі дипломдары сақталатынын жеткізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Семейде үнділік студенттерге қате дипломдар берген

«Жоғары оқу орны және колледж түлектері дипломның қағаз түріндегі нұсқасын да алады, сондай-ақ электрондық көшірмесі де сақталады. Дипломның қағаз нұсқасы сақталады, себебі шетелге баратындар сол жақта қағаз түрінде көрсетеді», — деді вице-министр.

Бұған қоса ол дипломның шынайылығын оңай тексеруге болатынын атап айтты. 

«Әрине, біз мәліметтер базасын бәріне ашып бере алмаймыз. Әр адам дипломның түпнұсқа немесе жасанды екенін өзі тексере алады. Жұмыс беруші дипломның электронды көшірмесін білім және ғылым министрлігі арқылы ала алады. Мәліметтерді таратып жібермеу жөніндегі келісімге қол қойылады», — деп қосты шенеунік.

Еске салайық, бұған дейін қазақстандық студенттер электронды диплом алатыны жайлы айтылған еді. 

 

 

stan.kz