«Біреуінде коронавирус белгілері бар»: Нұр-Сұлтанда аштық жариялаған аналар министрлік алдында түнеп шықты — Қазақстан жаңалықтары

0

Нұр-Сұлтанда плакаттарын алып, аштық жариялаған бір топ ана еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің алдына түнеп шықты. Олар аштықтың екінші күні болса да, қасымызға әкімдік өкілдерінен басқа биліктен ешкім келмеді деп наразы. Кешелі бері суық баспалдақта отырғандардың кейбіреуінің бүйрегі сыр беріпті. Бұл туралы Stan.kz апарат агенттігі 31 арнаның «Информбюро» жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

аштық

Аналарға көмек көрсеткен жәдел жәрдем дене қызуын тексеру барасында олардың бірінде COVID-19-дың белгісі болуы мүмкін деп ауруханаға алып кетпекші болған.

«Ешқандай ыстығымыз жоқ , олар бізден осылайша құтылмақшы», — деді аналар.

Талабымызды үнсіз қоямыз деген олар бүгін ашуларын дауыстап жеткізді.

 «Әрбір балаға 21 мың теңгеден жәрдемақы», «Міндетті вацинаға қарсымыз», «Бастапқы жарнасыз баспана», «Мұқтаж халықтың кредиті кешірілсін» деп плкатқа жазған аналар екі күннен бері талаптарын ашық түрде жеткізіп жатыр.

Түн салқын болғандықтан наразы топ өздерімен бірге жамылғы ала келген, ал күндіз күннен қорғану үшән қолшатыр ұстап отырды. Ешкімді ауруханаға әкеткен жоқ, тек біреуі суық баспалдақтан бүйрегі ауырғанын айтып шағымданған.

Наразыларды тартудың амалы ма, әлде коронавирус белгісі бар ма, әйтеуір, сол жерді залалсыздырмақ болды. Бірақ аналар ол жерден кетуден бас тартты. Кейін өздері денсаулық сақтау министрлігінің алдына келіп ауысты. 

Аштық жариялағандардың арасында жүкті әйелдер де бар екен.

Індетке байланысты аналардың дене қызуы тексерілді. 

«Міне, осындай бейбіт жиын барысында жедел жәрдем көмек көрсетуі кезінде адамның дене қызуы анықталды. Сондықтан коронавирустың алдын алу шараларына байланысты қаулыға сәйкес, температурасы жоғары адамнан біз ПТР-ге анализ алуымыз керек», — деді Есіл аудандық әкімдіктің санитарлық-эпидемиологиялық қызмет өкілі Арман Құрбанов.

Алайда, аналар әкімдік өкілінен нақты дәлелді талап етті.

 

stan.kz