Бәріміз ауырып шығуға тура келсе, карантиннен не пайда?

0

Белгілі қоғамдық белсенді Марғұлан Сейсенбай осылай деп сұрақ қойды. Кәсіпкердің ойынша эпидемияға жұмсалған соншама қаражатқа қарамастан медицина күйреді, адамдарды қабылдай алмай, қарап үлгере алмай жатыр. Экономика да тұралап тұр. Егер, барлық адам ауырып шығатын болса, оны карантин енгізудің не қажеті бар деген сұрақты қояды.

«Коронавируспен ауырған таныстарымның санының күрт артуына байланысты, қалай болғанда да, барлығымызға немесе басым көпшілігімізге ауырып шығуға тура келеді деген қорытындыға келдім. Осы арада бірден эпидемиологтардың «эпидемия кем дегенде популяцияның 60%-ы ауырып шықпай, басылмайды» деген сөздері еске түседі.
Ауруханалар толы, дәрігерлер жетіспей жатыр, жедел жәрдем сізде өте ауыр жағдай болмайынша келмейді. Қысқасы, біз қорыққан денсаулық сақтау жүйесінің жаппай күйреуі орын алды.

Осыдан мынадай заңды сұрақ туады: медицинаның күйреуі ақыры орын алса, эпидемия бәсеңдегенше, бәрібір, барлығымызға ауырып шығуға тура келетін болса, карантиннен не пайда? Қаншама ресурс жұмсалды, бастысы – экономикамыз толықтай тұсауда, оны қайта қалпына келтіру үшін әлі қанша шығын кетеді!

Бұл кінә тағу емес, бұл болашақта дұрыс шешімдер қабылдау үшін жауабын қазір алатын сұрақ.»

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз