Баландиннің көлігін кім тонағаны анықталды  

0

Ұры Баландиннің ғана емес, сол жерде тұрған өзге көлікке де түскен

АЛМАТЫ, 1 сәуір – Sputnik. Алматы полициясы Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландиннің көлігінің айнасын ұрлаған кім екенін анықтады, деп хабарлады Sputnik Қазақстан.

Бейнебақылау таспасын зерттеген полициядағылар Баландиннің ғана емес, сол түні сонда тұрған өзге көлікке де ұры түскенін анықтаған.

«Баландиннің көлігінен айна ұрлануы фактісі бойынша Алмалы аудандық полиция басқармасы ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабына сәйкес, сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Қалалық криминальды полиция басқармасы қызметкерлерімен бірге жұмыс  істеліп жатыр. Қылмыс орнындағы бейнебақылау таспалары да зерттелді. Соның нәтижесінде қаскөйдің кім екені анықталды. Ізкесушілер оның ізіне түсті. Ұрланған заттар өткізілетін орындар полиция сүзгісінен өтуде», – дейді Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Криминальдық полиция басқармасы келтірген мәліметке сүйенсек, күдікті сол түні тура сол жерде тұрған «Ренж Ровер» көлігінің де айнасын ұрлаған болып шықты.

Айта кетейік, Дмитрий Баландин Денис Тенді өлтіріп кеткен жерге (Абылайхан – Құрманғазы – Байсейітова көшелерінің қилысы) жақын маңдағы дәмханаға достарымен кездесуге барған. Дәмханадан шыққанда спортшының Toyota Land Cruiser көлігінің айнасы жоқ болған. Ол бірден полицияға хабар берген. Көліктің айнасы шамамен 400 мың теңге тұратын көрінеді.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз