Балаларын жетектеген екі апалы-сіңлі Алматы облысындағы бутиктерден киім ұрлаған – Қазақстан жаңалықтары

0

Алматы облысында балаларын жетектеген екі апалы-сіңлі қымбат бутиктер мен дүкендерден киім ұрлаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

екі

«Тергеу барысында күдіктілердің Балқаш қаласынан келгені, қолдарына жас балалар ұстаған екі әйелдің апалы-сіңлілі туыс екені анықталды. Оларға бір күн ішінде тауар-материалдық құндылықтарды ұрлаудың бес дерегін жасады деген айып тағылды»,- деп мәлімдеді Алматы облысы Полиция департаментінде.

Күдіктілер 9 ақпан күні ұсталған. Оларға Қарасай ауданының сауда ойын-сауық кешендерінің бірінде ұрлық жасады деген айып тағылды. 30 және 33 жастағы екі әйелдің қылмыстық әрекеті кезінде қасында 1 жастан асқан және 7 жастағы бүлдіршіндері болған.

Жеке басын тексеру кезінде апалы-сіңліден әйелдер мен балалардың ұрланған жаңа киімдері табылып, олардың кешен аумағындағы дүкендердің бірінен жымқырылғаны анықталды.

Сондай-ақ, бейнебақылау жазбаларының көмегімен қылмыскерлер бұдан басқа тағы төрт бутик мен дүкеннен киім ұрлағанын мойындады.

«Олар бір күн ішінде жалпы сомасы 350 000 теңгеден асатын соманың тауарларын ұрлаған. Оның ішінде майка, футболка, пальто, джинсы, легинсы және өзге де киімдер бар. Ұрланған мүлік қажетті тергеу әрекеттерінен соң заңды иелеріне қайтарылды. Өзгенің мүлкін ұрлаудың бес дерегі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 3-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр»,- деп толықтырды ведомствода. 

Қылмыскерлердің кәмілетке толмаған жас балаларының бар екені ескеріліп, олар мекенжайын өзгертпеу туралы міндеттемемен босатылды.

Айта кетейік, күдіктілердің бірінің қылмыстық тәжірибесі болған. Нұр-Сұлтан қаласындағы бутиктерден заттарды ұрлағаны үшін жауапқа тартылып, тараптардың татуласуына байланысты қылмыстық іс сотқа жетпей, тоқтатылған.

stan.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз