Балабақшаға бармаған бүлдіршіндердің орны сақталады – министр

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

5 0 0

Коронавирус эпидемиясының таралуына байланысты еліміздің алты өңірінде балабақшалар жұмысын тоқтатты

НҰР-СҰЛТАН, 26 наурыз – Sputnik. Бүлдіршіндерді балабақшаға апару-апармауды әр ата-ана өзі шешеді, егер үйде қалса, оның балабақшадағы орны сақталады. Бұл туралы ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Айтуынша, коронавирусқа байланысты Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен Түркістан, Ақмола, Алматы облыстарында балабақшалар жұмысын тоқтатқан. Қалған өңірлерде мектепке дейінгі ұйымдар штаттық режимде жұмыс істеп тұр.

«Алайда балабақшаларға балаларды ата-аналары өз еркімен апаруға мүмкіндігі бар. Апармаған жағдайда, балалардың балабақшадағы орны сақталады»,- деді Абаев астанада өткен онлайн-брифингте.

Министрдің сөзінше, қазіргі уақытта штаттық режимде жұмыс істеп тұрған балабақшаларға тек 67 мың бүлдіршін барып жүр. Бұл көрсеткіш 11 процентті құрайды.

Бұған дейін Дәурен Абаев 6 сәуірден бастап оқушыларды қашықтан оқытуға ауыстыру үшін дайындық жұмыстары жүріп жатқанын хабарлаған еді. Айтуынша, онлайн-сабақтар отыз минутқа созылады.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз